Алматыда  Астананың  20 жылдығын мерекелеу басталып кетті

/uploads/thumbnail/20171128182630193_small.jpg

Алматыдағы Республика сарайында 2017 жылдың 10 желтоқсанында  Астананың 20 жылдығына орайластырылған «Астана – Ардағым» атты іс-шарада сыйлықтар тапсырудың салтанатты рәсімі өтеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Астана – Ардағым» мерекелік сыйлығымен  Астананың қалыптасуына үлес қосқан және Президенттің еліміздің бас қаласын көшіру туралы шешіміне барынша қолдау көрсеткен, өмірінің басым бөлігін Алматы қаласында өткізген алматылықтар мен қайраткерлер марапатталады.

Сыйлық 20 номинация бойынша белгіленген, олар: білім мен ғылым, сәулет пен құрылыс, денсаулық сақтау, спорт, өнер кинематография, журналистика, әдебиет салалары, шара бірнеше кезеңдерден тұрады, яғни номинанттар ұсынылады, қалалықтар электронды түрде дауыс береді оның қорытындысы бойынша мәреге 20 финалист шығады, жеңімпаздар мараптталады.

Іріктеу конкурстық комиссияның қатысуымен  интернет арқылы ашық дауыс берумен биылғы жылдың 1 желтоқсанынан бастап  жұмысын бастайтын арнайы сайтта 2017 жылдың 5-8 желтоқсан аралығында  жүзеге асады.

Шараны 10 желтоқсанда өткізу текке алынып отырған жоқ, өйткені 1997 жылдың  дәл осы күні - 10 желтоқсанда Мемлекет басшысының шешімімен астананы  ресми көшіру басталған болатын.

Айта кетерлігі,«Астана – Ардағым» сыйлығы 2018 жылдың 6 шілдесіне дейін астананың мерейлі мерекесіне орай өтетін алқалы шаралардың алғашқысы болып саналады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар